Бүгiн 2026, 18:05
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов
2026 жылы Қазақстанда әскери парад өте ме? – Қорғаныс министрлігі жауап берді
Парадтың орнына әскери-патриоттық және еске алу іс-шаралары болады.
ҚР Қорғаныс министрлігі 2026 жылы елімізде Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күніне орай әскери парад өткізілмейтінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Министрліктің мәліметінше, парадтың орнына ел көлемінде әскери-патриоттық және еске алу іс-шаралары жоспарланған.
Өткізілетін іс-шаралар тізімі:
-
Ерлік сабақтары;
-
Үздік әскери қызметшілерді марапаттау;
-
Ардагерлерге құрмет көрсету;
-
Экологиялық акциялар;
-
Әскери оркестрлердің шеруі;
-
Шығармашылық ұжымдардың өнер көрсетуі;
-
Қару-жарақ пен әскери техника көрмесі;
-
«Сарбаз ботқасы» акциясы;
-
Ашық есік күндері.