2026 жылы қандай әлеуметтік төлемдер қысқартылмайды? – министрлік жауабы

2026 жылға арналған республикалық бюджетте әлеуметтік төлемдерге жұмсалатын шығыстар жалпы көлемнің 24,5 пайызы. Бұл туралы BAQ.KZ тілшісінің сауалына жауап берген Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік көмек департаменті мәлімдеді.

Министрлік мәліметінше, қазіргі уақытта республикалық бюджет есебінен төленіп отырған әлеуметтік жәрдемақылар мен көмекті қайта қарау жоспарланбаған. Яғни қолданыстағы төлемдер сақталып, бұрынғы тәртіппен жүзеге асырыла береді.

Атап айтқанда, мемлекет тарапынан мынадай төлемдер жалғасады:

  • зейнетақылар;
  • мүгедектігі бойынша жәрдемақылар;
  • асыраушысынан айырылу жағдайы бойынша жәрдемақылар;
  • бала туған кезде және баланы 1,5 жасқа дейін күтуге берілетін жәрдемақылар;
  • көпбалалы отбасыларға арналған төлемдер;
  • наградталған аналарға берілетін жәрдемақылар;
  • атаулы әлеуметтік көмек;
  • мүгедектігі бар баланы күтуге байланысты тағайындалатын жәрдемақылар.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, әлеуметтік салаға қомақты қаржы бөлу – халықтың әл-ауқатын сақтау мен әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік саясаттың маңызды бөлігі.

Осылайша, 2026 жылы әлеуметтік төлемдер көлемі азайтылмайды және әлеуметтік қолдауға мұқтаж азаматтар мемлекет тарапынан тиісті көмекті бұрынғыдай ала береді.

Мұның алдында әлеуметтік қолдау жүйесіне қатысты бірқатар маңызды мәлімдемелер жасалған еді. Атап айтқанда, Қазақстанда қоғамда жиі айтылатын «әлеуметтік масылдық» ұғымы заңнамалық деңгейде бекітілмеген.

Министрлик түсіндірмесіне сәйкес, қолданыстағы заңнамада азаматтарды «әлеуметтик масыл» деп бөлу немесе арнайы мәртебе беру нормасы қарастырылмахан. Дегенмен әлеуметтик қолдау шараларын жетілдиру қажеттілигі күн тәртібинен түспей отыр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ©BAQ.KZ архиві/ Арман Мухатов
Өзгелердің жаңалығы