2026 жылы НАТО саммитінің қайда өтетіні белгілі болды
2026 жылғы НАТО саммиті Түркия астанасы Анкарада 7-8 шілде күндері өтеді. Бұл туралы Солтүстік Атлантикалық альянстың бас хатшысы Марк Рютте ресми түрде мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ ұйымның ресми сайтына сілтеме жасап.
Альянстың келесі саммиті Түркияның Анкара қаласындағы Бештепе (Кюллие) президенттік резиденциясында ұйымдастырылады. Түркия – НАТО-ның 70 жылдан астам уақыт бойы маңызды әрі сенімді одақтасы. Осы кездесуді өткізуге келісім бергені үшін Анкараға алғыс айтамыз, – деді Рютте.
Оның айтуынша, Анкарадағы басқосу барысында альянс елдерінің көшбасшылары қазіргі қауіпсіздік сын-қатерлеріне жауап беретін мықты әрі әділетті ұйым қалыптастыру жолындағы жұмысты жалғастырады.
Айта кетсек, Түркия екінші рет НАТО саммитіне қожайындық етпек. Бұған дейін 2004 жылы Стамбулда осындай жиын өткен болатын.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Өрт қаупі жоғары: синоптиктер ескерту жариялады
Өзгелердің жаңалығы