5 Маусым 2026, 13:26
Фото: ©BAQ.KZ коллажы
2026 жылы мұнайдың орташа бағасы 90 доллар болуы мүмкін
Ұлттық банк мұнай бағасына қатысты болжамын көтерді.
Ұлттық банк Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты мұнай бағасы жөніндегі болжамын қайта қарады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің айтуынша, қақтығыстың салдарынан әлемдік энергетика нарығындағы белгісіздік күшейген.
Біз Таяу Шығыстағы жағдайға байланысты мұнай бағасы жөніндегі болжамымызды жоғарылаттық. Біздің бағалауымыз бойынша, 2026 жылы мұнайдың орташа бағасы барреліне 90 доллар болады, – деді ол.
Ұлттық банктің жаңа болжамына сәйкес, кейінгі жылдары нарықтағы жағдай біртіндеп тұрақталады.
Атап айтқанда, 2027 жылы мұнай бағасы орта есеппен 75 доллар, ал 2028 жылы 65 доллар деңгейінде болады деп күтіліп отыр.
Біз бұған дейін Ресей мұнайын Қытайға тасымалдау арқылы Қазақстан қанша табыс табатыны жайлы жазған едік.
- 19 шілдеге арналған валюта бағамы жарияланды 13:16
- Ақтауда әйелге шабуыл жасады деген күдікті қамауға алынды 12:52
- Краснодар өлкесінде Ми-2 тікұшағы апатқа ұшырап, ұшқыш қаза тапты 12:07
- Алакөлде катер қағып кеткен зейнеткер екі аяғынан айырылды 11:49
- Қазақстандағы тасжолдардың бірінде аптап ыстықтан асфальт көтеріліп кетті 11:19
- Қазақстанның металлургия кәсіпорындары 19 трлн теңгенің өнімін өндірді 10:48
- Елена Рыбакина АҚШ-тағы турнирге қатысады 10:16