2026 жылы кім қанша алады? Зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер ұлғаяды
2026 жылы Қазақстанда ең төменгі жалақы, зейнетақы, базалық төлемдер, АЕК және күнкөріс минимумы жаңартылады. Президент қол қойған республикалық бюджетке сәйкес әлеуметтік төлемдер өседі. Жаңа мөлшерлер 1 қаңтардан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
2026 жылы Қазақстанда ең төменгі жалақы, зейнетақы, базалық төлемдер, АЕК және күнкөріс минимумы жаңартылады. Президент қол қойған республикалық бюджетке сәйкес әлеуметтік төлемдер өседі. Жаңа мөлшерлер 1 қаңтардан бастап күшіне енеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Құжатқа сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап:
Ең төменгі жалақы – 85 000 теңге (өзгеріссіз қалады);
Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 4 325 теңге (2025 жылы – 3 932 теңге);
Базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері – 35 596 теңге (2025 жылы – 32 360 теңге);
Ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге (2025 жылы – 62 771 теңге);
Күнкөріс минимумы – 50 851 теңге (2025 жылы – 46 228 теңге).
Бұдан бөлек, жасына байланысты және еңбек өтілі бойынша берілетін зейнетақы төлемдеріне 10% өсім қарастырылған.
Сондай-ақ мемлекет міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға (МӘМС) 2% көлемінде жарна аударуды жалғастырады.
Заң 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енеді.
Еске салсақ, кеше, 8 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2026-2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойды.
- Қызылорда облысында құдыққа түсіп кеткен түйе құтқарылды 16:49
- Тазалық пен қоғамдық тәртіпті сақтау: Есіл өзенінің жағалауында профилактикалық рейд өтті 16:18
- Франция құрамасының көпжылдық бас бапкері қызметінен кетеді 15:43
- Измир жағалауында 39 заңсыз мигрант ұсталды 15:19
- Ақмола облысында түн ішінде 2,7 гектардан астам аумақтағы құрғақ шөп өрті сөндірілді 14:51
- Иранның оңтүстік-батысында магнитудасы 5 балдық жер сілкінісі болды 14:18
- Оңтүстік Америкадағы Гайана жағалауында 116 адам мінген кеме аударылып қалды 13:48