2026 жылы Каспий теңізін тереңдету жұмыстары басталады

Соңғы жылдары Каспий теңізінің су деңгейінің төмендегені белгілі. Осыған орай, «МАЭК» ЖШС-нің каналы арқылы жеткізілетін су мөлшері азайған. Нәтижесінде кәсіпорын қызметі шектеліп, қала тұрғындарын үздіксіз ауыз сумен және электр қуатымен қамтамасыз ете алмау қаупі туындады. Бұл туралы Ақтау қаласының әкімі тұрғындармен кездесуінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осыған байланысты, қала әкімдігі 2023 жылы жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялады. 

Аталған мәселе бойынша Ақтау қаласының әкімдігі каналды тереңдету жұмыстарын жүргізу үшін жоба жасақтаушы мекемені анықтап, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысын алды. Аталған жұмыстар 2026жылы басталып, 2 кезеңде жүзеге аспақ, - деді Әбілқайыр Байпақов. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы