2026 жылы дәрі-дәрмек бағасы қандай болатыны белгілі болды

2026 жылы Қазақстанда дәрі-дәрмек бағасын қымбаттатуға негіз жоқ. Бұл туралы «СҚ-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Нұрлыбек Асылбеков мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Айтуынша, шектік бағалар ұғымы салалық министрліктің бұйрығы арқылы бекітілген.

Келесі жылға (дәрі-дәрмек бағасына – ред.) келсек, көріп отырғандарыңыздай, шекті бағалар деген ұғым бар. Бұл министрліктің бұйрықтарымен бекітілген. Сондықтан бүгінгі таңда дәрі-дәрмектің қымбаттауын болжауға негіз жоқ, - деп жауап берді дәрі-дәрмек жеткізетін бірыңғай дистрибьютор басшысы журналистердің сұрағына.

Сондай-ақ БАҚ өкілдері «Қандай да бір пайызды атап айтуға бола ма, әлде есеп жүргізілді ме?» деп сұрады.

Жоқ. Бұл, өздеріңіз білетіндей, баға саясатына қатысты мәселе. Шекті баға логистикаға дейін түсіріледі, ал біз сол белгіленген шекті бағалар бойынша сатып аламыз. Бұл біздің құзыретімізге кірмейді, - деді Нұрлыбек Асылбеков.

Еске салайық, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Қазақстандағы дәрі-дәрмек бағасына қатысты жағдайға түсініктеме берген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы