2026 жылы барлық пәнге жасанды интеллект элементтері қосылады
Жаңа оқу жылынан бастап білім беру саласын цифрландыру, сабақ процесіне жасанды интеллектіні енгізу көзделіп отыр. Ал 2026 жылы мектептегі барлық пәнге жасанды интеллектінің элементтері қосылады. Бұл туралы елордада өткен педагогтердің республикалық тамыз саммитінде айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев отандық білім беру жүйесінде жасанды интеллекті енгізудің алғышарттары қалыптасқанын атап өтті.
Бүгінде мектептерді жоғары жылдамдықты интернетпен қамту 89 пайызға жеткен. Сондай-ақ еліміздің 1731 мектебінде Starlink жерсерігі орнатылған.
Жасанды интеллектіні сабақта мұғалімнің орнына емес, мұғалімнің көмекшісі ретінде. Ең бастысы әрбір баланың даму троекориясын анықтауда жасанды интеллектінің үлкен көмек бере алатынын көріп отырмыз. Оны көптеген ұста здар өзінің сабағында жасанды интеллектінің элементтерін ұтымды пайдаланып жатқандығын көріп отырмыз, - деді ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан Ауғанстанның Сенімді өкілін аккредиттеді
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы