2026 жылы арнаулы салық режимін кім қолдана алады?

Жаңа Салық кодексі аясында жаңартылған арнаулы салық режимі енгізілді. Бұл режим оңайлатылған декларация негізінде жұмыс істейді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астана қаласы Мемлекеттік кірістер департаменті арнаулы салық режимін биыл кім қолдана алатынын түсіндіріп берді.

Режимді қолдану шарттары қандай?

  • табыс 600 000 АЕК немесе 2 595 000 000 теңгеден аспайды;
  • режимді қолдануға тыйым салынған қызмет түрлерін жүзеге асырмайды;
  • әлеуметтік салық және қосылған құн салығы (ҚҚС) төлеушісі болып табыймайды.

Астана қаласы бойынша салық ставкасы 3%.

Режимді кім қолдана алмайды?

  • басқа заңды тұлғалардың үлесі 25 пайыздан астам болатын заңды тұлғалар (ЗТ);
  • құрылтайшысы немесе қатысушысы бір уақытта АСР қолданатын басқа ЗТ құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын ЗТ;
  • құрылтайшысы немесе қатысушысы АСР қолданатын ЗТ;
  • арнаулы салық режимін қолданатын ЗТ құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын салық төлеушілер (жеке тұлғалар, жеке кәсіпкерлер);
  • коммерциялық емес ұйымдар;
  • арнайы экономикалық және индустриалды аймақтардың, «Астана Хаб» қатысушылары;
  • бірлескен қызмет туралы келісімдер бойынша қызметті жүзеге асыратын салық төлеушілер.

Арнаулы салық режимі негізіндегі оңайлатылған декларацияны қолдану үшін салық кезеңі жарты жыл.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: ©BAQ.KZ коллажы
Өзгелердің жаңалығы