2026 жылы әлемдік энергетика қай бағытқа бет алды?
Қазақстанды дәстүрлі көмірсутек секторынан бастап, жаңартылатын энергия көздері мен жаңа технологияларға дейінгі әртүрлі энергетика бағыттарында не күтіп тұрғаны белгілі болды. Бұл туралы Президент кеңесшісі Мағзұм Мырзағалиев елордада өтіп жатқан жаһандық трендтерге арналған Qazaqstan NEXT 2026 форумында мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Ол The New York Times Turning Points басылымының Қазақстанда ашылуын өте маңызды оқиға деп атады.
Орталық Азияда алғаш рет іске қосылатын мұндай жоба аймақтың заманауи терроториалды күн тәртібі қалыптасуындағы еліміздің өсіп келе жатқан рөлін айқындай түсуде. Әлем терең технологиялық, экономикалық және энергетикалық трансформация кезеңін бастан өткеріп жатыр. Жасанды интеллект пен цифрлық технологиялар ғасырының дамуы электр энергиясына сұраныстың өсуіне әкеліп соқтыруда. Бұл жаңа шешімдерді іздестіруді және дәстүрлі энергетика жүйелерінің рөлін қайта қарауды талап етеді. Бүгінгі таңда энергия тек экономика ғана емес, мемлекеттің тұрақтылығы, даму жылдамдығы және өмір сапасы, - деп атап өтті Президенттің кеңесшісі.
Сонымен қатар ол көмір өнеркәсібінің ерекше өрлеуіне тоқталды.
Көмір негізгі генератордың сенімді көзі ретінде әлемде жетекші экономикалардың энергетикалық теңгеріміне сөзсіз маңызды. Қомақты көмір қорына ие Қазақстан үшін трендтегі көмір энергетикасы мен өнеркәсібін сақтап қалуға емес, сонымен қатар оны терең технологиялық жаңарту мүмкіндіктерін ашады. Жаһандық энергетикалық трансформация және ұлттық экономиканың артатын қажеттіліктері тарапынан келсек, Қазақстан үшін энергетикалық қауіпсіздік мәселесі ерекше маңызға ие, - деді Мағзұм Мырзағалиев.
Сондай-ақ ол Мемлекет басшысының экономикалық өсуге қатысты айтқанына тоқталды.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, сенімді және заманауи энергетикалық жүйе – экономикалық өсудің негізі. Айтарлықтай ресурстық, өнеркәсіптік және интеллектуалдық әлеуетке ие болған Қазақстан – энергетика жүйесін дамытудың мерзімді стратегиясын құрды. Бұл стратегияда атом энергетикасы ерекше орын алады. Бүгінгі күні атом энергетикасы электр энергиясының шамамен 10% өндірісін тұрақты қамтамасыз етеді. Одан бөлек, тұрақты және төмен көміртекті генерацияның негізгі элементі болып саналады, - деді ол.
Оның пайымдауынша, еліміз болашақ энергетикасын қалыптастырудағы негізгі ойыншыға айналды.
Әлемдегі ең ірі уран қорларына ие Қазақстан болашақ энергетикасын қалыптастырудағы негізгі ойыншылардың біріне айналуда. Ел тарихында алғаш рет АЭС құрылысын бастау туралы шешім бүкіл ұлттық референдум негізінде қабылданды. Энергетикадағы жаһандық трендтер бүгінгі таңда дәстүрлі шешімдер шеңберінен шығып кетті десек, артық болмайды. Адамзатқа ұзақ мерзімдегі энергетикалық тұрақтылықты қамтамасыз ететін жаңашыл технологияларға көбірек бағытталуда. Бұл ретте келешегі зор бағыттардың бірі болған басқарылатын термоядролық синтез үрдісін айтуға болады. Ғылыми зерттеулерде келтірілген есептеулер бойынша бір грамм термоядролық отын 8000 тонна мұнайдың жануына энергия мөлшерін бөліп шығара алады, - деді Президенттің кеңесшісі.
Сонымен қоса ол термоядролық энергетиканы дамытудың жаһандық жобаларына қатысушы ретінде Қазақстан да болашақ мүлдем жаңа энергетикалық сәулетін құруға үлес қосуға мүдделі екенін алға тартты.
Біздің елімізде эксперименттік термоядролық кешеннің бірегей инфрақұрылымы бар. Ол – Курчатов қаласында. Ол басқарылатын термоядролық синтез саласында зерттеулер үшін платформа ретінде әлемде қызмет етеді. Болашақ энергетика бұл тек инфрақұрылым ғана емес, сонымен қатар мамандар, ғылым, цифрлық шешімдер және жастар үшін жаңа мүмкіндіктер. Бүгінгі күні осы алаңда мемлекет бизнес, ғылым және креативті индустриялар өкілдері жиналды. Дәл осындай ашық және мазмұнды диалогтар жаһандық сын-қатерлерді практикалық мүмкіндіктерге айналдыра алатын идеялар мен серіктестіктер туады, - деді Мағзұм Мырзағалиев.
Айта кетерлігі, Qazcontent АҚ – форумның ресми медиасеріктесі болып отыр.