26 Қаңтар 2026, 04:27
Фото: olympic.kz
2026 жылғы Қысқы Олимпиада Италияда жоспар бойынша өтеді – ХОК
Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2026 жылғы Қысқы Олимпиада Италияда қардың жетіспеуінен бұзылуы мүмкін деген қауесеттерді жоққа шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Матч ТВ-ге сілтеме жасап.
Халықаралық Олимпиада комитеті (ХОК) 2026 жылғы Қысқы Олимпиада Италияда қардың жетіспеуінен бұзылуы мүмкін деген қауесеттерді жоққа шығарды, деп хабарлайды BAQ.KZ Матч ТВ-ге сілтеме жасап.
Ұйымның баспасөз қызметі мәлімдегендей, бұл ақпарат «мүлдем негізсіз», себебі жақында аймақта бірнеше халықаралық қысқы спорт жарыстары сәтті өткізілген.
Қысқы Олимпиада ойындары 6-22 ақпан аралығында Милан мен Кортина-Д’Ампеццо қалаларында өтеді. Салтанатты ашылу рәсімі 6 ақпанда болады. Тоғыз ресейлік спортшы, оның ішінде коньки тебушілер мен шаңғышылар, бейтарап статуспен өнер көрсетеді.