2026 жылғы 12 тамызда Жерде катаклизм бола ма? NASA жауап берді

АҚШ-тың Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасы (NASA) Жерде гравитация жоғалады деген қауесеттерге қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ New York Post басылымына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желілерде тараған қастандық теориясына сәйкес, 2026 жылғы 12 тамызда Жер жеті секундқа гравитациядан айырылады, бұл ондаған миллион адамның қаза табуына әкеледі-мыс. Аталған теория авторлары «Якорь» деп аталатын жобаның құпиясы ашылған құжаттарына сілтеме жасайды. Олардың айтуынша, бюджеті 89 миллион долларды (шамамен 45,2 млрд теңге) құрайтын бұл жоба аясында өлімге әкелетін катаклизмге дайындық жүргізіліп жатыр.

Алайда NASA мамандары бұл қауесеттерді жоққа шығарды. 

2026 жылғы 12 тамызда Жер гравитациясын жоғалтпайды, - деп мәлімдеді Агенттік өкілінің ресми түсініктемесінде. 

Ол сондай-ақ Жердің гравитациясы оның массасына тікелей байланысты екенін еске салды. Оның сөзінше, гравитациядан «айырылу» үшін планета өзінің елеулі бөлігін жоғалтуы қажет, ал мұндай жағдай таяу болашақта орын алмайды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы