2026 жылға қарай ел экономикасында дағдарыс бола ма? - министр болжамын айтты

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров «2025 жылы Қазақстанда бірден үш экономикалық дағдарыс болуы мүмкін бе?» деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Журналист министрге "Экономистер алдағы екі жылда Қазақстанда 3 ірі дағдарыс болады деп болжап отыр. Олар – бюджет дағдарысы, импорттың артуы, қарыз дағдарысы. Мұның бәріне ақша жетпеуі мүмкін. Сондықтан теңге құлдырап, ұлттық қор сарқылып, инвестиция ағыны азаюы мүмкін. Бұған Қазақстан дайын ба?" деп сұрақ қойды.

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров ақпараттың жалған екенін айтты.

Менің ойымша, бұл дұрыс ақпарат емес. Ешқандай импорт пен экспорттың дағдарысы болмайды. Біз Ұлттық банкпен бірігіп жасаған болжам жасағанбыз. Ондағы цифрларға мен қарап отырмын. Біздің сауда балансымыз алдағы 5 жылда тек оң деңгейде болады. Көрсеткіш 20 млрд доллардан асады.  Экспорттың импорттан көлемі 20 млрд доллардан кем болмайды. Бұл - алдағы 5 жылды. Сондықтан мұны негізсіз ақпарат деп ойлаймын. Оған сенбеңіздер. Біз ешқандай дағдарысты болжап отырған жоқпыз. Мақсатымыз экономиканы 6%-дан асыру. Оған бүкіл дерлік мүмкіндік бар. Ол үшін тек жұмыс істеу керек. Біз экономикалық өсімді ғана күтеміз. Ешқандай дағдарыс болмайды, - деді Байбазаров үкіметтің баспасөз орталығында өткен брифингте.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Жасанды интеллект фотоиллюстрациясы
Өзгелердің жаңалығы