+19

«2026 жылға дейін уақыт бар». Министр кәсіпкерлерге үндеу жасады

Алматыда 2026 жылға дейін жаңармаған базарлар жабылады.Бұл туралы Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ. 

Арман Шаққалиев жұмыс сапарымен Алматы қаласына барып, базарларды жаңғырту мәселелері бойынша бизнес өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында базарларды жаңғырту кезінде туындайтын мәселелер талқыланды. Тараптар базарларды жаңғырту барысында туындайтын кеделгілер мен оларды жүйелі шешу жолдарына баса назар аударды.  

Қазір Алматы қаласында 59 базар жұмыс істеп тұр. Оның 70% - ы жаңғыртылған. Өткен жылы Алматыда алты базарда модернизация жұмыстары аяқталды.2026 жылдан бастап жаңғыртудан өтпеген базарлар жұмысын жалғастыра алмайды. Бұл қазіргі уақыт талабы. Қауіпсіздік, ашықтық және ыңғайлылық сауда стандартына айналуы тиіс, – деп толықтырды министр.
 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы