2026 жылдың бірінші жартыжылдығында Kcell желіге 32 млрд теңгеден астам инвестиция құйды
Қазақстан өңірлерінде 4G мобильді интернетінің қолжетімділігі 91,37%-ға дейін, ал 5G қолжетімділігі 64,29%-ға дейін өсті.
«Кселл» АҚ (Kcell және activ брендтері) 2026 жылдың бірінші жартыжылдығында телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамытуға 32 млрд теңгеден астам инвестиция құйып, бүкіл ел бойынша 650-ден астам базалық станцияны пайдалануға берді. Осының арқасында 4G қолжетімділігі 91,37%-ға дейін, ал 5G қолжетімділігі 64,29%-ға дейін өсті. Жаңа станциялардың жартысынан астамы бесінші буын технологиясын қолдайды, ол деректерді берудің жоғары жылдамдығын және желіге үлкен салмақ түскен кезде де цифрлық сервистердің тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді.
Бұл салынған инвестициялардың нәтижесі тәуелсіз өлшеулермен де расталады: Ookla компаниясының 2026 жылдың Q1-Q2 (бірінші және екінші тоқсаны) қорытындысы бойынша жүргізген зерттеуіне сәйкес Kcell/activ 72,35 Speed Score балын жинап, «Fastest Mobile Network in Kazakhstan» номинациясында Speedtest Award марапатын қайтадан иеленді – бұл ел операторлары арасындағы ең үздік нәтиже.
Қамту аймақтарын кеңейтуге және қолданыстағы желіні жаңғыртуға салынған инвестициялар оң нәтиже көрсетіп отыр – Kcell/activ-ті таңдайтын абоненттер саны да, олар алатын байланыс сапасы да өсуде, бұны біздің жұмысымызға берілген тәуелсіз бағалаулар да растайды, - деп атап өтті «Кселл» АҚ басқарма төрағасы Асқар Жамбакин.
Желіні кеңейту жұмыстары ірі қалалармен ғана шектелмеді. Жылдамдығы жоғары 4G мобильді интернеті Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының Байжанкөл ауылында алғаш рет пайда болды. Жаңа базалық станциялар сондай-ақ Түркістан облысының Екпінді, Абай, Алтынтөбе, Бірлік және Кеңестөбе ауылдарында пайдалануға берілді. Алматы өңірінде осы кезеңде 102 дана 4G және 92 дана 5G базалық станциясы орнатылды.
Желіге түсетін салмақ та артып келеді: Kcell және activ брендтерінің бір абонентіне шаққандағы мобильді трафиктің орташа көлемі бір жыл ішінде 67,61%-ға өсті. Өсімнің негізгі қозғаушы күштері – әлеуметтік желілер, бейнесервистер, стримингтік платформалар, онлайн-коммуникациялар және мобильді қосымшалар.