2026 жылдан бастап Қазақстанда электрондық денсаулық паспорттары толыққанды қолданылады

2026 жылдан бастап елімізде электрондық денсаулық паспорттары қолжетімді болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді.

Айтуынша, ақауларды автоматты түрде анықтау дәлдігін 4 есе арттыруға мүмкіндік берген Медициналық көмекке ақы төлеудің бірыңғай жүйесі іске қосылды.

Бүкіл ел бойынша пациенттерді цифрлық сәйкестендіру кеңейтіліп, оның нәтижесінде 8 ай ішінде медициналық қызметтерді артық тұтыну көрсеткіші 6,8%-ға немесе 6,7 млрд теңгеге төмендеді, - деп атап өтті ведомство басшысы.

Сонымен қатар министр жуырда жаңа жүйенің іске қосылатынын ескертті.

Алдағы айда кадрлардың, жабдықтардың және медициналық техниканың бөлінуін онлайн режимде қадағалайтын Денсаулық сақтау ресурстарын басқарудың жаңа жүйесі іске қосылады. Желтоқсан айында барлық медициналық деректерді бір эталондық сақтау қоймасында жинақтайтын Медициналық деректердің бірыңғай сақтау қоймасын іске қосу жоспарланып отыр. Нәтижесінде, 2026 жылы электрондық денсаулық паспорттары азаматтарға толыққанды қолжетімді болады, - деді Ақмарал Әлназарова.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы