2026 жылдан бастап Қазақстанда барлық тауарға арнайы код енгізіледі
2026 жылдан бастап Қазақстандағы барлық тауарлардың бірыңғай сәйкестендіру коды болады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бұл туралы Сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.
Айтуынша, бұл процестің негізгі элементі – әр тауардың бірегей сәйкестендіру кодын иеленетін ұлттық тауарлар каталогын (NT) құру. Айта кетерлігі, келесі жылы 1 қаңтардан бастап қабылданатын заңнамалық түзетулерге сәйкес, ел аумағында тауарларды сату кезінде осы кодты пайдалану міндетті болады.
Бұл тауар айналымының барлық қатысушыларына қатысты. Олар- өндірушілер, импорттаушылар, дистрибьюторлар, сауда желілері, маркетплейстер және жеке кәсіпкерлер, - деп атап өтті ҚР сауда және интеграция вице-министрі Әсет Нүсіпов.
NCT – бұл тауарлар туралы сенімді ақпарат жиналатын бірыңғай цифрлық база. Онда құрамы, шыққан елі, бренді және басқа параметрлер орналасады. Әрбір тауардың карточкасы модерациядан өтеді. Бүл өз кезегінде қайталануды болдырмайды және деректердің дәлдігін арттырады.
Министрлік таратқан мәліметке сүйенсек, бүгінгі таңда тауарлар туралы ақпарат шашыраңқы, тауар өндірушілердің, дистрибьюторлардың және бөлшек саудагерлердің анықтамалықтарында әртүрлі аталады. Бұл қателіктер салықты басқаруды қиындатады. Каталог бұл мәселелерді шешіп, бизнес шығындарын азайтады және тауарларды нарыққа шығаруды тездетеді.
Ведомство өкілі мемлекет үшін ҰБТ – бұл тауар айналымын бақылаудың, контрафактіге қарсы күрестің және салық жинауды арттырудың тиімді құралы екенін атап өтті. Ал тұтынушылар үшін – ашықтық пен қауіпсіздік.