2025 жылы Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы өтеді

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев БАҚ-қа жасаған бірлескен мәлімдемесінде айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Қытай азаматтары үшін екі елге визасыз режим қолданыла бастағанын атап өтті.

Қазір оның игілігін азаматтарымыз көріп отыр. Әсіресе екі елдің көршілес аймақтарының халқына, кәсіпкерлер мен туристерге, жастар мен шетелдік әріптестерге тиімді болды. Биыл наурызда Бейжіңде Қазақстанның Қытайдағы туризм жылы салтанатты түрде ашылды. Келесі жылы осы іс-шараның жалғасы ретінде Қытайдың Қазақстандағы туризм жылы өтеді, - деді Тоқаев.

Президент бүгін қол жеткізген келісімдер елдеріміз арасындағы байланыстарды нығайтып, халқымыздың игілігіне қызмет ететініне сенім білдірді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы