2025 жылы Маңғыстау облысында 2550 жұмыс орны құрылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Маңғыстау облысы бойынша 2010-2014 жылдары Индустрияландыру картасының бірінші бесжылдығы аясында жалпы сомасы 200 млрд теңгеден астамға 3 мыңнан аса жаңа жұмыс орындарын құрумен 30 жоба іске қосылды.  

government.kz сайтының мәліметіне сәйкес, аса маңызды республикалық жобалар: 

1) Ақтау пластикалық массалар зауытында жол битумдарын өндіру, «СП «Каспий Битум» ЖШС. 

2) аммиак, азот қышқылы және аммиак селитрасы өндірісін тұрақтандыру және жаңғырту, «ҚазАзот» ЖШС. 

Аса маңызды аймақтық жобалар: 

1) Шетпе ауылында цемент зауытын салу, «Каспий Цемент» ЖШС; 

2) Ақтау қаласының әуежайында халықаралық жолаушылар терминалын салу және ұшу-қону жолағын қайта жаңарту, «АТМ Групп» ЖШС. 

3) Ақтау халықаралық теңіз сауда портын солтүстік бағытта кеңейту, «Ақтау Теңіз Солтүстік Терминалы» ЖШС. 

Облыстың инвестициялық жобалар портфеліне 2020 жылдан бастап 2025 жылға дейін 6525 мыңнан астам жұмыс орнын құра отырып, жалпы сомасы 484 млрд теңгеге 43 жоба енгізілді. 2020 жылы 2 жоба – Риксос қонақ үй кешені және Тоталь теңіз/қабат суын дайындау және айдау жүйесі іске қосылды. 

2020 жылдың соңына дейін 421 жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 28,7 млрд теңгеден асатын 12 жобаны іске қосу жоспарлануда. 

2021 жылы 2265 жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 94 млрд теңгеге 22 жоба жоспарланған. 

2023 жылы 550 жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 90 млрд теңгеге 3 жоба жоспарланған. 

2025 жылы 2550 жұмыс орнын құрумен жалпы сомасы 174 млрд теңгеге 2 жоба жоспарланған.

 Сондай-ақ, болашақта «Ақтау теңіз порты» АЭА аумағында жалпы инвестиция көлемі 253 млрд теңге болатын екі ірі жобаны іске асыру жоспарланған: 

1) инвестиция көлемі 151 млрд теңге болатын, 400 жаңа жұмыс орнын құрумен Дата-орталықтың құрылысы, АЭА әлеуетті қатысушысы – «DIGITAL SILK ROUTE» ЖШС»; 

2) инвестиция көлемі 102 млрд теңге болатын, 300 жаңа жұмыс орнын құрумен Дата-орталықтың құрылысы бойынша жобаның қажеттіліктерін өтеу үшін кезең-кезеңмен 250 МВт-қа дейін ұлғайта отырып қуаттылығы 80 МВт бу-газ қондырғысын салу. АЭА әлеуетті қатысушысы – «AktauCleanEnergy» ЖШС.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы