2025 жылы Қазақстан 100 пайыз сумен қамтамасыз етіледі - министрлік

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде биыл ауыл тұрғындарының 92% сумен қамтамасыз етіледі. Бұл туралы ИИДМ баспасөз қызметі мәлімдеді.

Қазір елімізде сумен жабдықтау қызметтеріне азаматтардың 94,1%, оның ішінде қалаларда - 97,5%, ауылдарда - 90,1% қол жеткізген. Биыл жыл қорытындысында тағы 200 мыңға жуық адамды қамту жоспарланған. Бұл дегеніміз - 17,86 млн адам немесе республика халқының 95%. Атап айтқанда қалаларда - 98%, ауылдарда – 91,8% - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, министрлік мәліметіне қарағанда, 2025 жылға қарай тұрғындарды 100% сумен қамту жоспарланып отыр.

Ол үшін "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасы аясында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуға және жаңғыртуға 586 млрд теңге бөлінеді - дейді министрлік баспасөз қызметі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы