2025 жылы еңбек инспекторлары 62,8 мың жұмыскердің құқығын қорғады

2025 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары республика бойынша 629 кәсіпорында жүргізілген тексерулер барысында 11,9 мыңнан астам жұмыскерге жалақы бойынша 3,1 млрд теңгеден астам берешек барын анықтады. Сонымен қатар еңбек заңнамасының 8,7 мыңнан астам бұзушылық фактісі тіркелді, деп хабарлайды BAQ.KZ Еңбек және халықты әлеуметтік қолғау министрлігіне сілтеме жасап.

Анықталған заңбұзушылықтарға байланысты кәсіпорын басшыларына орындауға міндетті 4 245 ұйғарым беріліп, 524,3 млн теңгеден астам айыппұл салынды.

Қабылданған шаралардың нәтижесінде, соның ішінде жалақы берешегін өтеудің нақты кестелері мен мерзімдерін белгілеу арқылы 11,8 мың жұмыскердің құқығы қорғалып, оларға 2,85 млрд теңге төленді.

Еңбек заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау мәселесі ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ерекше бақылауында.

Жалпы 2025 жылы мемлекеттік еңбек инспекторлары 6 599 тексеру жүргізіп, 8 720 заңбұзушылықты анықтады. Оның ішінде еңбек қатынастары саласында – 7 089, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша – 1 585, халықты жұмыспен қамту саласында – 46 факт тіркелді.

Нәтижесінде 51 мыңнан астам жұмыскердің еңбек құқығы қорғалды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы