2025 жылы ең қысқа күн қашан болады?

2025 жылы ең қысқа күн 21 желтоқсанда болады. Ғалымдар сөзінше, бұл кезде қысқы күн тоқырауы басталады, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Мәскеу планетарийінің әдістемелік сүйемелдеу бөлімінің басшысы Людмила Кошманның айтуынша, дәл осы күні Күн аспан экваторынан оңтүстікке қарай 23,5° ең төмен еңкею нүктесіне жетеді.

Бұл түн солтүстік жарты шарда ең ұзақ, ал күндіз ең қысқа болатын уақыт деген сөз.

Желтоқсан айының басында күндізгі уақыт ұзақтығы 7 сағат 27 минут болса, 21 желтоқсанда ол 6 сағат 59 минут 51 секундқа дейін қысқарады. Ай соңына қарай күн ұзақтығы 7 сағат 5 минутқа дейін артады, – деді Кошман.

Маманның айтуынша, осы күннен кейін күн ұзара бастайды және 2026 жылдың 21 маусымында, яғни жазғы күн тоқырауы кезінде, оның ұзақтығы 17 сағат 33 минутқа жетеді.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ - архив
Өзгелердің жаңалығы