2025 жылы елордада жолаушылар вагондарының өндірісі іске қосылады

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев «Штадлер Қазақстан» ЖШС-не келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Компания «Stadler Rail» компаниялар тобына кіреді және Қазақстан теміржолдары үшін жолаушылар вагондарының жетекші өндірушісі болып табылады.

Өндірістік алаң Астана қаласының индустриалды паркінде орналасқан. Үй-жайлардың жалпы ауданы 31 мың шаршы метрден асады, кәсіпорынның өндірістік қуаты жылына 100-ден астам жолаушылар вагонын құрайды

«Штадлер Қазақстан» ЖШС стратегиялық серіктесі – Қазақстан Республикасының ұлттық тасымалдаушысы «Жолаушылар тасымалы» АҚ. Бұл «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ еншілес кәсіпорны, онымен жаңа буынның заманауи жайлы жолаушылар вагондарын жеткізу туралы келісімге қол қойылған. Олар 160 км/сағ жылдамдықпен қозғалуға арналған, қызмет ету мерзімі – 40 жыл құрайды.

Шығарылатын көліктер ЕАЭО техникалық регламенттеріне және автомобиль жасаудағы соңғы технологияға сай болады.

2025 жылдың 2-тоқсанының басына қарай «Штадлер Қазақстан» зауытында жолаушылар вагондары өндірісі іске қосылады. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-мен жасалған оффтейк келісімшарттары аясында 2030 жылға дейін жалпы сомасы $2,3 млрд құрайтын кепілдендірілген 537 бірлікті сатып алу қамтамасыз етілді.

Қазіргі таңда жұмысшылар саны 300 адамға жеткен ірі кәсіпорынға айналды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы