2025 жылы елімізде мыс өңдеу екі есе ұлғаймақ

Бұл туралы Үкімет отырысында Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Вице-министрдің айтуынша, Қазақстанның металлургия саласы өнімінің көлемі 14 трлн теңгеден асты, кен өндіру – 7,8%-ға, металдар өндірісі 6,9%-ға өсті.

2025 жылы мыс өңдеуді екі есеге, алюминийді 50%-ға, қорғасынды екі еседен астам ұлғайту, сондай-ақ мырыш өндірісін 11%-ға арттыру жоспарлануда, - деді Сапарбеков. 

Жалпы ЖІӨ-дегі тау-кен металлургия кешенінің үлесі 8%-ды құрайды, өнім көлемі 14 трлн теңгеден асады, салада 224 мыңға жуық адам жұмыспен қамтылған. 2024 жылы металлургия саласына 1,7 трлн теңгеден астам инвестиция салынды. Саладағы еңбек өнімділігі бір жұмысшыға шаққанда $102 мыңды құрап, 9,4 %-ға өсті.

Отандық кәсіпорындарды негізі металдармен қамтамасыз ету шарасы орташа және жоғары өнімдерді өндіретін кәсіпорындардың жүктемесін ұлғайтуға мүмкіндік беруде. Нәтижесінде катанка, кабель өнімдері, аккумулятор, терезе профильдері мен жиһаз фурнитураларының және басқа да тауарлардың өңдірісі ұлғаюда. Сондай-ақ жылыту радиаторларын өндірістік аккумуляторлар мен латунь бұйымдарын өндіретін жаңа жобалар іске қосылды, - деді вице-министр.

Айта кетейік, мыс кенін өндіру 2 есеге немесе 300 млн тоннаға дейін Айдарлы, Көксай және Бенқала жаңа ірі кен орындарын іске қосу есебінен артады. 

Сондай-ақ темір кенін өндіру ішкі сұраныстың өсуінен және жаңа жобалардың қосылу есебінен 40%-ға немесе 52 млн тоннаға дейін өседі.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Артём Чурсинов - архив
Өзгелердің жаңалығы