2025 жылы декреттік төлем өзгерді

Қазақстанда декреттік демалыс қалыпты босану жағдайында 126 күн беріледі. Оның ішінде 70 күн (жүктілік кезінде) және 56 күн (босанғаннан кейін), деп хабарлайды BAQ.KZ.

Осыған орай демалыс мерзімі келесідей:

  • Қалыпты босану – 126 күн (70 күнге дейін жүктілік кезінде, 56 күн босанғаннан кейін).
  • Ауыр босану немесе егіздер дүниеге келгенде – 140 күн.
  • Ядролық сынақ аймағында – 170-184 күн.
  • Жаңа туған баланы асырап алғанда – 56 күн.
  • Бала күтіміне байланысты демалыс – 3 жыл (жұмыс орны сақталады).

Жәрдемақы түрі әйелдің жұмыс істеуіне не істемеуіне байланысты. Осы орайда жәрдемақы келесідей беріледі.

  • Жұмыс істейтін әйелдерге:
    • Жүктілік және босануға байланысты әлеуметтік төлем.
    • Бала тууға байланысты біржолғы жәрдемақы.
    • Баланы 1,5 жасқа дейін күтуге арналған жәрдемақы.
  • Жұмыс істемейтін әйелдерге:
    • Бала тууға байланысты біржолғы жәрдемақы.
    • Баланы 1,5 жасқа дейін күтуге арналған жәрдемақы.

2025 жылы бала тууға берілетін жәрдемақы:

  • 1-3 балаға – 149 416 теңге.
  • 4 және одан көп балаға – 247 716 теңге.

Бала күтіміне байланысты ай сайынғы жәрдемақы:

  • 1-балаға – 22 649 теңге.
  • 2-балаға – 26 777 теңге.
  • 3-балаға – 30 867 теңге.
  • 4 және одан көп балаға – 34 995 теңге.

Көпбалалы отбасыларға ай сайынғы жәрдемақы:

  • 4 балаға – 63 030 теңге.
  • 5 балаға – 78 798 теңге.
  • 6 балаға – 94 565 теңге.
  • 7 балаға – 110 332 теңге.
  • 8 және одан көп баланың әрбіріне +15 728 теңге.

Декреттік төлем есептеу формуласы:

  • Соңғы 12 айдағы табыс ÷ 12 × (126 немесе 140 күнге сәйкес коэффициент) – 10% зейнетақы жарнасы.
  • Максималды төлем: 2 249 100 теңге (2025 жылғы шектеу).

Бала күтімі бойынша жұмыс істейтіндерге төлем:

  • Соңғы 24 айдағы табыстың 40%-ы.
  • Максималды төлем: 595 000 теңге.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Нұркен Алишев - архив
Өзгелердің жаңалығы