2025 жылы дәрігерлер жалақысы 550 мың теңгеге жетеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ-да өткен онлайн брифингте ҚР ДСМ Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры Қанат Төсекбаев дәрігерлердің жалақысы 2023-2025 жылдарға дейін қанша теңгеге артатынын айтты.

Орталықтың директоры бүгінгі таңда медицина қызметкерлерінің мәртебесін арттыру өте маңызды екенін айтты. 

Мемлекет басшысы дәрігердің орташа жалақысының экономикадағы орташа жалақыға арақатынасын 2023 жылға қарай 2,5 есе жеткізу міндетін қойды. Дәрігердің және жалпы медицина қызметкерінің мәртебесін әлеуметтік қолдау шаралары мен кепілдіктері жүйесі арқылы көтеру қажет, - дейді Қанат Төсекбаев брифингте.

Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында дәрігердің орташа жалақысының экономикадағы орташа жалақыға арақатынасы бірнеше деңгейге жеткізіледі. 

Айта кетсек, 2025 жылға дейін Қазақстан Республикасында дәрігердің орташа жалақысы кемінде 550 000 теңгені құрайтын болады. Бүгінгі таңда дәрігердің орташа айлық жалақысы 253 мың теңгені құрайды, - деп атап өтті ол.
Медицина және фармацевтика қызметкерлерінің маңызды кепілдіктері жаңа «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодексте қарастырылған.

Олар:

- Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қажетті медициналық құралдармен қамтамасыз ету, қызметкердің еңбек міндеттерін орындауы үшін тиісті жағдайлар жасау;

- жұмыс берушінің немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген бюджет қаражаты есебінен біліктілікті арттыру немесе кәсіптілік біліктілігін өзгерту;

- біліктілік деңгейіне сәйкес еңбекақы төлеу және еңбекке ынталандыру;

- медициналық қызметкер тарапынан немқұрайлық немесе немқұрайлықпен қарау болмаған жағдайда, науқастың өмірі мен денсаулығына зиян келтіргені үшін кәсіби жауапкершілікті сақтандыру.

2018 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңде ОМҚ жалақысын арттырудың оң көрсеткіші байқалады. Мысалы, 2018 жылы 90 843 теңгені құраса. қазіргі уақытта ол 161 281 теңгеге тең, яғни 56%-ға өсті, - деді Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының бас директоры Қанат Төсекбаев.



Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы