2025 жылы барлық елдің атауы өзгереді. Қазақстандықтар фейк ақпарат таратып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде «2025 жылы 4 шілдеде барлық елдің атауы өзгереді, ал келіспегендерді сол жерде атып тастайды» деген жалған ақпарат таратып жатыр. Бұл туралы stopfake.kz хабарлады.

Қазақстандықтар Telegram мессенджерінде қорқынышты болжаммен бөлісіп жатыр. Онда 2025 жылғы 4 шілдеде БҰҰ әлемнің барлық елдерінің атауын өзгертіп, жаңа тәртіп орнатады, ал қарсы шыққандардың бәрі сол жерде атылады делінген. Бұл фейк, - деді stopfake.kz.

БҰҰ-ның «Директива 001» деп аталатын ресми құжатында осындай жоспарлар жазылған екен. БҰҰ-ның ресми құжаттама жүйесінде іздегенде бұлай аталатын файл табылған жоқ. Демек, жүйеде мұндай құжат жоқ. Алайда «БҰҰ 001 директивасы: жаңа әлемдік тәртіптің басталуы, біздің күнтізбеміз бойынша, 2025 жылғы 4 шілде» деп аталатын құжат Желіде бар. Ол «Жаппай қырып-жою қаруын қолдана отырып, Америкаға шабуыл жасау» деп аталатын сюжеті ойдан шығарылған кітапты жарнамалайтын сайтта орналастырылған, - делінген хабарламада.

Желіде табылған құжатта ешқандай тану белгілері жоқ. Ол БҰҰ шығарған директивалардан мүлдем өзгеше рәсімделген. Оларда жарияланған күні, нөмірі, БҰҰ логотипі, толық сипаттамасы және қосымшалары болады.

Демек «Директива 001» құжатының БҰҰ-на қатысы бар деп айтуға негіз жоқ.

Сонымен қатар БҰҰ жаңа әлемдік тәртіпті орнатуды көздеп отыр деген теориялар Желіде бірнеше рет тарады және олардың авторлары жаңа әлемдік тәртіп туралы ескертпелер жоқ немесе мүлде болмаған әртүрлі құжаттарға сілтеме жасаған.

2025 жылы барлық елдердің атауы өзгертіліп, кемелер мен көлік құралдары көгілдір түске боялатыны туралы БҰҰ-ның ресми порталында немесе басқа сенімді дереккөздерде айтылған жоқ.

Бес жастан асқан барлық балаларды отбасылардан тартып алып, ата-аналарымен жылына екі рет үш күннен көруге рұқсат беру туралы тармақ та фейк болып табылады. Біз оны бұған дейін жоққа шығардық.

Осылайша, хабарламада қандай да бір негіз болатын бірде-бір тармақ жоқ. 2025 жылғы 4 шілдеде БҰҰ жаңа әлемдік тәртіпті орнатады деген теория БҰҰ-на ешқандай қатысы жоқ порталда жарияланған фейк құжатқа негізделген, - деп жазды stopfake.kz.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы