2025 жылы Алматыда 4 мың ШОБ жобасына 71 млрд теңге бөлінеді

2025 жылы Алматыда шағын және орта бизнесті дамытуға бюджеттен 71 млрд теңге бөлінбек. Бұл сома, оның ішінде жергілікті бюджеттің қаржыландыруын 2,5 есеге арттыру арқылы 52,6 млрд теңгеге жеткізілмек, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы хабарлады.

Қаржы жалпы 4 мың жобаны, оның ішінде 2 мың жаңа жобаны қолдауға мүмкіндік береді. Бұл туралы Алматы қаласының Кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы хабарлады.

Бүгінде бұл салада қалада жұмыс істейтіндердің 85%-дан астамы, яғни шамамен 942 мың алматылық еңбек етеді, - деп жазылған хабарламада.

Айта кетейік, Алматыда шағын және орта бизнестің экономикаға қосатын үлесін 2024 жылғы 60%-дан 2030 жылға қарай 75%-ға дейін арттыру жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, 2024 жылы 2,5 мың жаңа жобаны қолдауға бюджеттен 53,1 млрд теңге бөлінген болатын.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Алматы қаласының әкімдігі
Өзгелердің жаңалығы