2025 жылы АЕК, ең төменгі жалақы және зейнетақы қанша болады

Қаржы министрлігі "2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" заң жобасын жариялады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Атап айтқанда, заң жобасы мыналарды көздейді:

ең төменгі жалақы 85 мың теңге (2024 жылдағыдай);

айлық есептік көрсеткіш (АЕК) – 3932 теңге (қазір 3692 теңге);

зейнетақының ең төменгі мөлшері - 62 771 теңге (қазір 57 853 теңге);

ең төменгі күнкөріс деңгейі - 46 228 теңге (қазір 43 407 теңге);

базалық зейнетақы төлемінің ең төменгі мөлшері - 32 360 теңге (қазір 28 215 теңге).

Бұл ретте жасы мен еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнетақы төлемдерін 8,5% - ға арттыру жоспарланып отыр.

Медициналық сақтандыру қорына төленуге жататын ММС-ға мемлекет жарналарының мөлшері мемлекет жарналарын есептеу объектісінің 2% .

Құжат 31 тамызға дейін ашық талқылау үшін "Ашық НҚА" сайтында орналастырылған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Арман Мухатов -архив
Өзгелердің жаңалығы