2025 жылы 20 000 ваучер шығарылады – министр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин  Үндістан сыртқы істер және мәдениет министрі Минакшей Лекхимен кездесті.

Бұл туралы министр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды. 

Бүгін Қазақстанда ресми сапармен жүрген Үндістан сыртқы істер және мәдениет министрі Минакшей Лекхимен кездестім. Екі елдің цифрландыру, АКТ және инновацияны коммерцияландыру саласындағы ынтымақтастығын талқыладық. М.Лекхи ханымға еліміздегі ІТ-мамандар тапшылығы мәселесі қалай шешіліп жатқандығын айттым. Қазақстанда жеке ІТ-мектептерде білім алу үшін жыл сайын ІТ-ваучерлер бөлінетінін де атап өттім. Бұл - ІТ-мамандығын игеруге немесе осы мамандыққа ауысуға ниет білдірген кісілер үшін жақсы мүмкіндік. Біздің болжам бойынша 2025 жылы 20 000 ваучер шығарылады. Осы орайда үнді компанияларын білім жобаларына қатысуға шақырдым, - деді ол.

Тәжірибе алмасу мақсатында қазақстандық делегация Үндістанға барады.

Сондай-ақ Үндістанмен АКТ, электрондық басқару, ақылды қала, ІТ-мамандардың біліктілігін арттыру, телекоммуникация, киберқауіпсіздік, ғарыш саласында серіктестік және тиісті агенттіктер, технопарктер, венчурлық қорлар мен кәсіпорындар арасында әріптестік орнатуға ниет білдірдік. Шетелдік делегация аталған салаларда ынтымақтастыққа дайын екендігін жеткізді. Биыл жазда тәжірибе алмасу мақсатында қазақстандық делегация Үндістанға іссапар жасайтын болып келістік, - деп жазды министр.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы