2025 жылға қарай инфляцияны 3-4 пайызға жеткізу жоспарланған

Алматыда Қазақстан Ұлттық банкінің «Ақша-кредит саясатының стратегиялық мәселелері. Жаңа экономикалық сын-қатерлер» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференциясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі. 

Конференцияға білікті сарапшылар, қаржыгерлер, экономистер қатысты. Ел экономикасы, ішкі инфляцияның сипаты және оның факторлары жайлы мәселелер талқыланды. Сондай-ақ ҚР ақша-кредит, фискалдық және макропруденциалдық саясаты жайлы сөз қозғалды.

Былтырғы жылы геосаяси тәуекелділіктің басталуы әлем елдерінде де инфляцияның рекордты өсуіне әкеліп соқтырды. Бұған проциклдік фискалдық саясат, экономиканың теңгерімсіз құрылымы инфляцияның төмендеуіне әкеп соқтырды. Сауда құрылымы өзгерді. Осы ретте, ақша-кредит саясатының стратегиясында белгіленген инфляция бойынша 2025 жылдан бастап 3-4%-дық орта мерзімді мақсатқа қол жеткізуді бағалағымыз келеді. Осы ретте пікір алмасу үшін біз экономика мен қаржы саласындағы тәуелсіз сарапшыларды, академиялық қоғамдастықтың, зерттеу орталықтарының, қаржы ұйымдары мен халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттік институттардың өкілдерін шақырдық. Қоғамдық талқылау арқылы ел экономикасын арттыруды күш салмақпыз, – дейді ҚРҰБ Төрағасының орынбасары Ақылжан Баймағамбетов.

Конференция үкімет пен ҚҰБ атқарып жатқан шараларының нәтижесінде инфляция төмендеуі мүмкін. Осылайша, инфляциялық процестердің баяулай бастағаны байқалады дейді мамандар. 

Өткен жылғы қорытындыға сәйкес экономиканың өсімі 3-2%-ды құрады. Бұл экономиканың өскенін көрсетіп отыр. Оған қарамастан халқымыздың еңбек нарығындағы жағдайларын ескере отырып, біз 9-2%-дық дәлізге жетудің, инфляцияны төмендетудің ықтималдылығы жоғары. Осы жылдың соңына 9-2%-ы жоспарланады. Біз бүгін осы конференцияда орта мерзімді, ұзақ мерзімді таргеттелген инфляцияның мөлшерін талқылап жатырмыз. Инфляцияны 9-12%-дәлізде жеткізуге мүмкіндік бар. Бұны біз ақпан, наурыз айларындағы инфляцияның динамикасынан көріп отырмыз. 21%-дық максималдық деңгейден 1 айдың ішінде 18,1%-ға дейін төмендегенін көріп отырмыз. Бұл инфляциялық процестердің баяулай бастағанының бірінші деңгейлері болып табылады. Біз бұл тенденцияны болжаған болатынбыз. Бірақ бұл жерде статистикалық эффектінің әсерлері бар. Өткен жылғы наурыз айында жоғарғы деңгейде инфляция деңгейі болғанын сіздер де білесіздер. Алдағы уақытта 9,12%-ға дейін біздің қабылдап жатқан шараларымыздың нәтижесінде инфляция төмендеу мүмкіндігі өте жоғары деп бағаланады, – дейді ҚР ҰБ ақша-кредит саясаты департаментінің директоры Рүстем Оразалин.

Қаржы сарапшылары инфляциялық таргетке қатысты қысқаша анықтама берді. Сондай-ақ сарапшылардың пікірін мысалға келтіріп, дұрыс шешім қабылдау керектігін атап өтті. 

Ұлттық банк ақша, кредит саясатын ашық талқылайды. Инфляцияны таргеттеу дегеніміз банк бізде осындай жылы, осындай баға болуы қажет деген мақсат қояды, сол мақсатта жүреді. 4,6 деп қойса, сол 4,6%-дың коридорына түсіру үшін Ұлттық банк жұмыс жасайды. Бұл таргет деп аталады. Таргет деген белгілі бір мақсат. Ұлттық банк сарапшылардың пікіріне құлақ асуда. Сәйкесінше, олардың да пікірі әртүрлі болып жатыр. Меселен, Астанадан келген сарапшылар Қазақстан үшін 5-7% таргет дұрыс деп есептейді. 4-6%-ы сіздерде орындалуы қиын болуы мүмкін деп отыр. Қарап отырсақ, барлығының бірдей Ұлттық банкпен деген пікірлері үндесіп кетпейді. Қазір Ұлттық банк орта мерзімді таргет қоямыз деп отыр. Сарапшылар бұл ойға дұрыс пікір білдіріп отыр. Ашық коммуникацияның болғаны жақсы болды. Ұлттық банкке дегенім күшейе түседі, – дейді қаржы сарапшысы Айбар Олжаев.

Іс-шарада Ұлттық Қордан бөлінетін ақшаның көлемі азаюы, инфляцияны күшейтетіні айтылды. Сондай-ақ үкіметте инфляцияны түсіруге бірқатар жұмыстар атқарылып жатқаны айтылды. 

Базалық мөлшерлеме қалай инфляцияны түсіреді, түсірмейді дегені Үкіметке байланысты. Ұлттық банк базалық мөлшерлемені көтеріп, инфляцияны төмендетуі мүмкін. Жаңа салық кодексіне байланысты жаңа ереже енгізіледі. Ол мемлекеттік тұтынудың көлемін азайтады, Ұлттық Қордан бөлінетін трансферттердің көлемін азайтады. Соған байланысты Ұлттық банк, Үкіметте бір жақты жұмыс жасап, инфляцияның келешекте төмендеуіне күш салмақ, – дейді тәуелсіз сарапшы Нұрдаулет Абилов. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы