2025 жылға дейін Маңғыстау облысында 6 мың жұмыс орны ашылады
Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы жайлы мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Облыс әкімі өңірдің қалай дамып жатқаны туралы айтып берді.
Биылдың 4 айында негізгі әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері оң динамика көрсетіп отыр. Негізгі капиталға салынған инвестициялар жылдан-жылға артып келе жатыр. 4 айдың нәтижесі бойынша ол 146 пайызды көрсетіп, 266 млрд теңге болды, - деді Ноғаев.
Сөзінше, әкімдік былтыр 17 жобаны іске асырған. Оның жалпы сомасы 25 млрд теңге. Оның нәтижесінде 600 жұмыс орнын құруға мүмкіндік болды.
2025 жылға дейін 100 жобаны жүзеге асырып, жалпы құны 1 трлн 900 млрд теңге. Оның нәтижесінде 6 000 жаңа жұмыс орнын ашуды жоспарлап отырмыз. 2022 жылы атқарылған 17 жобаны жіктер болсақ, алтауы өңдеу өнеркәсібінде, екеуі ауылшаруашылық саласында, бесеуі әлеуметтік сала және төртеуі туризм саласында, - деп айтты әкім брифингте.
Айтуынша, қазіргі күні екі жоба іске қосылған.