2025 жылға дейін елімізде 40-қа жуық медициналық мекеме бой көтереді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов «Medtech» медициналық техникалар бойынша Бірінші Халықаралық форумда айтты. Сондай-ақ Үкімет басшысының орынбасары жаңадан бой көтерген ауруханаларды жабдықтау кезінде отандық өндірушілерге басымдық берілетіндігін алға тартты.
Денсаулық сақтау жүйесінің инфрақұрылымын әрі қарай дамыту туралы айтар болсақ, 2025 жылға дейін елімізде кем дегенде 20 заманауи аурухана, 3 онкологиялық орталық, 12 зертхана, медициналық бұйымдарды зертханалық және техникалық сынақтан өткізу орталықтарын ашу жоспарланып отыр. Оларды медициналық бұйымдармен жабдықтау кезінде басымдық отандық өндірушілерге берілетін болады, - деді Ералы Тоғжанов.
Айта кететін жайт, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау шеңберінде Үкімет Қазақстандағы фармацевтикалық саланы дамыту бойынша арнайы кешенді жоспар қабылдаған болатын.
Кешенді жоспар аясында 2025 жылға қарай отандық дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар өндірісі 50%-ға артуға мүмкіндік туындайды деп күтілуде.
Еске сала кетейік, бұған дейін вице-премьер отандық дәрілер мен медициналық бұйымдар шығаруға қатысты әлеуетіміз бен мүмкіндігімізге баға берген еді.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жетісуда алаяқтар азаяр емес
Өзгелердің жаңалығы