2025 жылға дейін Алматыда қандай бағыттар дамиды?
Алматы, BAQ.KZ. Алматы мәслихаты қаланың 2025 жылға дейінгі даму бағдарламасын жариялады.
Құжат қалалық мәслихат депутаттары VII шақырылымының бірінші сессиясында қабылданды.
Алматы қаласын дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасында таяудағы бес жылда алматылықтардың өмірін жақсартатын жобалар белгіленген.
Бағдарламада жеті бағыт бар: «шетсіз қала», «ақылды қала», «тең мүмкіндіктер қаласы», «қауіпсіз қала», «жасыл қала», «жаһандық іскерлік орталық» және «мәдени креативті қала».
Алматы қаласы мәслихатының барлық бағдарламасымен, сондай-ақ уәделерімен mga.kz сайтында танысуға болады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы