2025 жылдың соңына қарай тегін қосымша біліммен қамту 25%-ға дейін өседі – Досаев
Мегаполисте «Әділетті Қазақстан: сапалы білім, адал ұрпақ, табысты ұлт» форумына республиканың түкпір-түкпірінен 2900 білім беру қызметкері жиналды, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.
Іс-шара педагог қызметкерлердің кәсіби деңгейін арттыруға, білім беру саласында тәжірибе және жаңа технологиялармен алмасуға бағытталған. Форумның пленарлық отырысының жұмысына Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев, Білім министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова және т.б қоғам қайраткерлері қатысты.
Қала әкімі Ерболат Досаев 2025 жылға дейін қаланың барлық ауданында 37,1 мың орындық 22 мектеп салынатын атап өтті.
Алматы қаласына жұмыс сапары барысында, оңтүстік астананың білім беруіндегі сапалы өзгерістердің қажеттілігіне тағы да баса назар аударды. Ол Алматы – заманауи білім берудің барлық жаңа үрдістері мықты дәстүрлермен үйлесуі тиіс, ерекше қала екенін атап өтті. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын тиімді іске асыру мақсатында 2025 жылға дейін қаланың барлық ауданында 37,1 мың орындық 22 мектеп салынды. Инфрақұрылым салу және жер телімін кеңейту үшін жергілікті бюджетте 19 млрд. теңге қарастырылған. «Damu bala» платформасында шығармашылық және спорттық тапсырыстарға жергілікті бюджеттен 16,2 млрд. теңге бөлінді. Жалпы, 2025 жылдың соңына қарай қабылданып жатқан шаралар есебінен тегін қосымша біліммен қамту 25%-ға дейін өсіп, тегін үйірмелерге қатысатын балалардың санын 60 мыңға дейін артады, – деді қала әкімі.
Сондай-ақ, іс-шараға телекөпір форматында Премьер-министр Әлихан Смайылов, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Аида Балаева, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова, Білім министрі Ғани Бейсембаев қатысты.
Ерболат Досаев мектеп тағамдарының жаңа моделінің әзірленіп жатқанын атап өтті. Сондай-ақ, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 7,6 млрд. теңге бөлінгенін айтты.
Биыл жыл соңына дейін барлық 206 мемлекеттік мектепте, 8 интернатта және 193 мемлекеттік балабақшада қауіпсіздік жүйесін енгізу аяқталады. Бұл жоба жалпы құны 7,6 млрд теңге болатын үш жылдық сервистік модель аясында қаржыландырылады. Алматыда алғаш рет 2023 жылдың 1 қыркүйегінен бастап 30 мектепте «Мектеп автобусы» жобасы іске асырылады. Тегін тамақпен 133 мыңнан астам оқушы қамтылады, жергілікті бюджеттен 20,4 млрд теңге қаражат көзделген. Биылғы жылы әкімдік Қазақ тамақтану академиясымен және Ұлттық салауатты тамақтану орталығымен бірлесіп «Оқушылардың денсаулығын басқару» мектеп тағамдарының жаңа моделі пилоттық жобасын әзірленіп жатыр, – деді қала әкімі.
Жиын барысында заманауи білім берудің өзекті мәселелері талқыланды. Пленарлық отырыста білім беру саласындағы жетекші мамандар, ғалымдар мен педагогтар сөз сөйледі.