28 Тамыз 2025 2025, 11:57
2025 жылдың соңына дейін қанша күн демаламыз?
Жыл соңына дейін қазақстандықтарды қандай қосымша демалыстар күтіп тұр? BAQ.KZ тілшісі есептеп көрді.
Жыл соңына дейін қазақстандықтарды қандай қосымша демалыстар күтіп тұр? BAQ.KZ тілшісі есептеп көрді.
Тамыз айы
Тамызда қосымша демалыс болмайды. Дегенмен, 30 тамыз – Конституция күні сенбіге тура келгендіктен, мерекелік демалыс 1 қыркүйек, дүйсенбіге ауыстырылады.
Қыркүйек
Қыркүйекте 1-інен басқа қосымша демалыс күндері жоқ.
Қазан
25-27 қазан аралығында (сенбі-дүйсенбі) – Республика күніне орай қазақстандықтар үш күн қатарынан демалады.
Қараша
Қосымша демалыс күндері жоқ.
Желтоқсан
16 желтоқсан – Тәуелсіздік күні сейсенбіге түседі. Бұл күні ел тұрғындары демалады. Ал 30-31 желтоқсан жұмыс күндері болып қала береді.