2025 жылдың ең қысқа күні анықталды

2025 жылы 10 шілде ең қысқа күн ретінде тіркелді. Бұл туралы BAQ.KZ тілшісіне Space.com басылымы хабарлады.

Журналистердің жазуынша, дәл осы күні Жер өз осін толық бір айналып шығуға 24 сағаттан сәл аз уақыт жұмсаған – нақтырақ айтқанда, әдеттегіден 1,36 миллисекундқа ертерек аяқтаған. Болжам бойынша, 22 шілде күні де күн ұзақтығы 1,34 миллисекундқа қысқарады. Ал 5 шілдеде Жер толық айналымды 1,25 миллисекундқа жылдағынан жылдамырақ аяқтаған.

Мақалада рекорд 2024 жылдың 5 шілдесінде тіркелгені жазылған – ол кезде Жер өз осін әдеттегіден 1,66 миллисекундқа ертерек айналып шыққан. Мамандар мұндай көрсеткіштерді 1973 жылдан бастап, яғни атомдық сағат ойлап табылған кезден бері есептеп келеді.

Space.com авторлары толық бір күн 24 сағат немесе 86 400 секундқа тең екенін атап өтті. Уақыттың 1,36 миллисекундқа қысқаруын өте мардымсыз деп бағалағанымен, Жердің айналу жылдамдығының арту тенденциясына назар аударған.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы