2025 жылдан бастап дихандарға берілетін субсидия тәртібі өзгереді
Биыл қазақстандық шаруаларға 580 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие берілді. Мұндай бұрын-соңды болмаған. Келер жылы бұл сома тағы да арта түспекші, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Сондай-ақ шаруаларға қаржылай қолдау жылдағыдан ертерек беріле бастайды. Мәселен, келер жылы көктемгі дала жұмыстарына қажетті қаражатқа дихандар желтоқсаннан бастап қол жеткізе алады.
Аталған мақсатта ел қазынасынан шамамен 100 млрд теңге қарастырылып отыр екен. Бұл туралы «Мінбер» жобасында Ауыл шаруашылығы министрлігінің басқарма басшысы Марлен Оспанов айтты.
Сондай-ақ ол еліміздің агросаласында іске асырылып жатқан өзге де маңызды мәселелерді тілге тиек етті. Ал министрлік өкілімен бірге студия қонағы болған С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің профессоры Бекзат Амантаев агросалаға ғылымның қосып жатқан үлесі жайлы сөз қозғады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Тоқаев Түркия Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Келесі жаңалық
Бокстан Азия чемпионатына баратын ерлер құрамы белгілі болды
Өзгелердің жаңалығы