2024 жылы ТМД-ға Ресей төрағалық етеді
Кеңейтілген құрамдағы отырыста ТМД атқарушы хатшысы Сергей Лебедев 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап ТМД органдарына Ресей төрағалық ететінін айтты. Бұл туралы Кабар агенттігі хабарлады.
ТМД-ға төрағалық ету мәселесі қаралды. Делегация басшылары 2024 жылы Достастыққа төрағалық ету туралы шешім қабылдады. Онда Ресей Федерациясы Қырғызстан және Тәжікстанмен тең төрағалық етеді, – деді Сергей Лебедев.
ТМД-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің келесі отырысы 2024 жылы 8 қазанда Мәскеуде өтеді. Бұл туралы Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин хабарлады.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Жем пайдалану локомотив депосының бастығы сотталды
Өзгелердің жаңалығы