2024 жылы республикалық бюджеттің кірістері 10,4 трлн теңге болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты.
Министр Сенатта «Әлеуметтік-экономикалық даму болжамы» заң жобасын таныстырды.
Трансферттерді есепке алмағанда республикалық бюджеттің кірістері 2022 жылы болжамдар бойынша 9,2 триллион теңгені, 2023 жылы – 9,7 триллион теңгені, 2024 жылы – 10,4 триллион теңгені құрайды. Кепілдендірілген трансфертті 2022 жылы – 2,4 триллион теңге, 2023 жылы – 2,2 триллион теңге жәнеЕрғалиев осыны ескере отырып, Ұлттық қордан сәйкес үш жылға кепілдендірілген трансферт туралы заң жобасы әзірленгенін айтты.
2024 жылы – 2 триллион теңге мөлшерінде айқындау ұсынылып отыр, - деді министр.
Тартылатын қаражат республикалық бюджеттен төленетін ортақ және мемлекеттік базалық зейнетақы төлемдеріне жұмсалады. Қосымша Ұлттық қордан келесі жылға 550 миллиард теңге, одан кейінгі екі жылға 400 миллиард теңгеден нысаналы трансферт тарту жоспарланған. Бұл қаражатты Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасының іс-шараларын қаржыландыруға бағыттау ұсынылады, - деп түсіндірді Ұлттық экономика басшысы.
Министр атап өткендей, жоспарланып отырған трансферттерді ескере отырып мұнай бағасы барреліне 60 доллар болған кезде мұнай секторынан Ұлттық қорға түсетін түсімдер болжам бойынша 2022 жылы 2,5 триллион теңгеден 2024 жылы 3 триллион теңгеге дейін ұлғаяды.
Осы аралықта Ұлттық қордың валюталық активтері де 55,3 миллиард доллардан 61,6 миллиард долларға дейін артады деп болжануда.
Бюджет тапшылығы жалпы ішкі өнімге қатысты 2022 жылы 3,3% деңгейінде, кейіннен 2024 жылы 2,5%-ға дейін төмендеумен болжанып отыр. Орта мерзімді кезеңде контрциклдық саясат шеңберінде мұнай емес бюджет тапшылығы деңгейін жалпы ішкі өнімге қатысты 2022 жылы 8,1%-дан 2024 жылы 6,3%-ға дейін төмендейді, - деп айтты Әсет Ерғалиев.Сонымен қатар республикалық бюджеттің шығыстары 2022 жылы 15,9 триллион теңге, 2023 жылы – 15,6 триллион теңге және 2024 жылы – 16 триллион теңге көлемінде болжанып отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Қазақстан экономикасында 5 жылда не өзгереді?
Өзгелердің жаңалығы