2024 жылы еліміз қанша тонна мұнай өндіретініне болжам жасалды

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев 10 айда еліміз 73 млн тоннадан астам мұнай өндіргенін және бұл көрсеткіш жыл соңына дейін өсетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

10 айдың қорытындысы бойынша мұнай өндіру 73,5 млн тоннаны құрады. Биылғы мұнай өндіру болжамы 88,4 млн тоннаны құрайды, - деді министр Мәжілістегі Үкімет сағатында.

Сәтқалиевтің айтуына қарағанда, жоспармен салыстырғанда өндіріс көлемінің төмендеуі Теңіз және Қашаған ірі кен орындарындағы күрделі жөндеу жұмыстарына байланысты болып отыр.

Сондай-ақ өндіріс көлемінің төмендеуіне Қарашығанақ кен орнындағы жоспардан тыс тоқтаулар мен Орынбор газ өңдеу зауытынан газ алуға шектеулер әсер етті. Өндіріс деңгейінің төмендеуіне ОПЕК+ келісімі бойынша міндеттемелердің орындалуы да әсер етіп отыр, - деді ведомство басшысы.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: pixabay.com
Өзгелердің жаңалығы