2024 жылға қарай елімізде 5G қолжетімді болады – вице-министр
Цифрлық даму, инновация және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбек елімізде 5G желісі қашан қолжетімді болатынын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Бүгінгі таңда 5G технологиясы бірнеше қалада тәжірибе жүзінде іске қосылған. Биыл аукцион өткіземіз. Сол аукционда бірнеше локацияны қамту міндеттемесі болады. 5G-дің қазіргі нұсқасы бүкіл елді мекенді толықтай қамтуға мүмкіндік бермейді. Сондықтан бүгінде операторлармен локация бойынша жұмыс істеп жатырмыз, - деді Асхат Оразбек елордада өтіп жатқан «Цифрлық Қазақстанға бетбұрыс» атты халықаралық форум аясында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.
Ол 5G қазіргі нұсқасымен республикалық маңызы бар Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Түркістан 5G желісімен қамтылғанын атап өтті.
5G енгізу трафик тұтынудың шамадан тыс өсімімен қатар 4.0 индустриясының, ақпараттық технологиялардың, ақылды үйлердің дамуына алып келетіндігін түсінеміз. Әрине, бұл жасалуы тиіс тренд болып тұр. Оны операторлармен бірге іске асырамыз, - деді вице-министр.
Асхат Оразбектің сөзіне қарағанда 2024 жылы 5G қолжетімді болмақ.
Менің ойымша, алдағы екі жылдың ішінде тұрғындар еліміздің аумағында 5G желісінің қолжетімділігін сезеді, - деді ол.