2024 жылдан бастап мемлекеттік қызметкерлер жұмысқа «Е-қызмет» арқылы алынбақ

Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбаев Астана мемлекеттік қызмет хабының конференциясында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл портал мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз етеді.

Жұмысқа орналасуды онлайн түрде жүргізіп жатырмыз. Порталда бос вакансияны орналастырамыз. Сол вакансияға үміткер адам тесті онлайн тапсырады. Камера 360 градуста тест тапсырушының жан-жағын бақылап тұрады. Басшы лауазымына барса, эссе жазады. Жиынтық балды жинаған адамның сол лауазымға лайық екені анықталады, – дейді Жазықбаев.

Сондай-ақ ол мұндай тәжірибенің ТМД мемлекеттерінде жоқ екенін атады. Оны өндіріске енгізу үшін пилоттық жоба жүріп жатыр.

Өндіріске енгізу үшін заң талабы бойынша 1 жыл пилоттық жоба жүруі керек. Сол себепті, жоба 1 наурыздан бастап Сауда министрлігі, Индустрия министрлігі, Ақмола облысы, Шымкент қаласы және біздің Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне енгізілді. 2 айдың көлемінде 1 адам жұмысқа орналасты. Сондай-ақ Сауда министрлігінде 8 адам, Ақмола облысында екі адам өтініш берді, – дейді ол.

Жылдың соңында аталған пилоттық жоба сәтті аяқталса, келер жылдан барлық мемлекеттік қызметке енгізіледі. 

Еске салсақ, бұған дейін мемлекеттік қызмет ісі шетелдік сарапшылармен талқыланып жатқаны хабарланды.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы