2024-2025 оқу жылына қанша грант бөлінді
Талапкерлер 40-тан астам жетекші ЖОО-да білім ала алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2022 жылы алғаш рет Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша білім беру грантының жаңа түрі – "Халық тығыз орналасқан және батыс өңірлердегі жастарды жетекші жоғары оқу орындарында оқытуға арналған нысаналы білім беру гранты" айқындалды.
2024-2025 оқу жылына - 3200 нысаналы грант бөлінді.
Жаңалықтар:
дайындық бағыттарының тізбесі кеңейтілді (педагогикалық, өнер және гуманитарлық, IT, әлеуметтік, экономикалық, құқық, инженерлік және қызметтер);
қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша колледж түлектеріне гранттар конкурсына қатысу мүмкіндігі.
Талапкерлер 40-тан астам жетекші ЖОО-да білім ала алады.
Ғылым және жоғары білім министрлігі Маңғыстау және Атырау облыстарының әкімдіктерімен бірлесіп, өңір жастары үшін жетекші жоғары оқу орындарының ауқымды көрмесін ұйымдастырды.
Ақтау, Жаңаөзен және Атырау қалаларындағы көрмелерге 10 мыңнан астам талапкер қатысты.