2023 жылы тағы 50 мың бала колледжде тегін оқи алады

2023 жылы колледждерде гранттар саны 50 мыңға артады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова айтты.

Бүгінгі күні кәсіби техникалық білім беру деңгейінде мамандарды дайындау экономиканың және нарықтың сұранысына байланысты дамып келе жатыр. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, сұранысқа ие мамандықтар бойынша 9-сыныптан кейін колледжге түсушілерге мемлекеттік тапсырысты ұлғайту бойынша жұмыс жүйелі түрде жүргізіліп келе жатыр, - деді Каринова.

Сөзінше, бұл жұмысты министрлік тегін техникалық және кәсіптік біліммен қамтуды үйлестіру шеңберінде жергілікті әкімдіктермен бірге атқарады.

Осы оқу жылындағы мемтапсырыс 125 мың орын. Ал адымыздағы оқу жылы республикалық бюджеттен осы бағытқа мемлекеттік тапсырыс 50 мыңға дейін көбейтілді. Енді келесі жылы 130 мыңға дейін баланы қабылдауды жоспарлап отырмыз, - деп түсіндірді вице-министр ОКҚ-да.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: egemen.kz
Өзгелердің жаңалығы