2023 жылы Қазақстанға неше Ресей азаматы келгені анықталды

ЕХӘҚМ Көші-қон комитетінің еңбек көші-қоны басқармасының басшысы Әлжан Мәди ОКҚ-да өткен брифингте елімізге былтыр неше ресейлік келгенін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

2023 жылы Ресейден 31 мың азамат елімізге келді. Олар Қазақстанға жұмыс істеуге уақытша келген, - деді Әлжан Мәди брифингте.

Оның сөзінше, Ресей азаматтары жұмыстарын бітірген соң өз елдеріне қайтады.

Бұған дейін елімізде неше адам пана іздеп жүргені және неше босқын бар екені хабарланған болатын. 

Сондай-ақ Астана ең көп мигрант тұратын қала екені белгілі болды. 

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: Известия/Дмитрий Коротаев
Өзгелердің жаңалығы