2023 жылы қай салада қандай стандарт әзірленеді

Биыл қай салада қандай стандарт әзірленетіні белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2023 жылға арналған ұлттық стандарттау жоспары шеңберінде бірнеше бағыт бойынша 500-ге жуық стандарт әзірлеу көзделген. Олар: сот сараптамасы, жаңартылатын энергия көздері, машина жасау, ауыл шаруашылығы, құрылыс индустриясы, ақпараттық технологиялар және блокчейн технологиялары, әлеуметтік даму және басқа да бағыттар, - делінген Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің хабарламасында.

Әзірлеуге жоспарланған құжаттардың едәуір бөлігі әлеуметтік саланы дамытуға бағытталған:

  • ТҮКШ саласын жақсарту (кондоминиум объектілерін басқаруға, күрделі жөндеу жүргізуге, тұрғын үй кешендерінде қоқыстарды жинауға, әкетуге және қайта өңдеуге қойылатын талаптарды белгілеу);
  • төтенше жағдайларда халықтың (оның ішінде балалардың) жеке қорғаныш құралдары;
  • туристік қызметметтер және т.б.

Техникалық комитеттерден, салалық қауымдастықтардан, өндірушілерден және басқа да нарық субъектілерінен ұлттық стандарттау жоспарына енгізу үшін барлығы 794 өтінім келіп түсті.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға

Фото: BAQ.KZ
Өзгелердің жаңалығы