2023 жылы мектептер 5 күндік оқу жүйесіне көшеді – Аймағамбетов
Оқу-ағарту минстрі Асхат Аймағамбетов келесі оқу жылынан бастап мектептер бес күндік жұмыс форматына көшетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Келесі жылдан бастап үш ауысымда оқитын мектептерден басқа барлық мектеп бес күндік жұмыс форматына көшеді. Біз осыған қатысты шешім қабылдадық. Бұл мектеп директорларына, оның орынбасарларына, мұғалімдерге және барлық қызметкерге қатысты. Мұғалімдер сенбі күні демалып, балаларының қасында болуы керек деп есептейміз. Бұл оқу жылының созылуы және оқу жүктемесінің қысқаруы есебінен жүзеге асырылады, - деп түсіндірді министр.
Сондай-ақ Аймағамбетов "бұл өзгеріс еңбек демалысы төлеміне әсер ете ме?"деген сұраққа жауап берді.
Бұл мәселе еңбек демалысының төлеміне әсер етпейді. Демалыс уақыты – 56 күн өзгеріссіз қалды, – деді Аймағамбетов Тамыз конференциясында.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Келесі жаңалық
Алматы облысында ер адам әйілінің басын балғамен ұрған
Өзгелердің жаңалығы