2023 жылы күшіне енген зейнетақы заңнамасындағы өзгерістер

2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда арнайы салық режимі бойынша жұмыс істейтін салық агенттері үшін бірыңғай төлем енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл төлем тәртібі әлдеқайда жеңілдетілетінін білдіреді. Егер бұрын жұмыс беруші қызметкер табысынан төленетін төлемнің бірнеше түрін бөлек жасаса, енді бір реттік төлемге: жеке табыс салығы, міндетті зейнетақы жарналары, әлеуметтік аударымдар және медициналық сақтандыру жарналары кіреді.

Сондай-ақ, жыл басынан бері базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері ұлғайтылып, қазір ол 24 341 теңгені құрайды. Яғни былтырғы сомадан 4 150 теңгеге артық. Сондай-ақ, БЖЗҚ-дан төленетін төлемдер көлемі де 5%-ға өсті. Нәтижесінде жыл басынан бері қазақстандықтардың зейнетақысының жалпы көлемі көбейді. Ал биылғы жылдың басты жаңалығы: әйелдердің зейнет жасы 2028 жылға дейін көтерілмейді және 61 жас деңгейінде қалады.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы