2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы 560 мың теңгеге жетеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Елбасы кітапханасында медицина қызметкерлерімен салтантты кездесу кезінде Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов айтты.

Оның сөзіне сүйенсек, биыл 247 мың медицина қызметкерінің жалақысы өскен. Оның ішінде 74 мың дәрігердің еңбекақысына 30 пайыз, 173 мың орта қызметкердің айлығына 25 пайыз қосылған.

Осылайша,  медицина қызметкерлерінің еңбекақысы кезең-кезеңмен көтеріліп келеді. 2023 жылға қарай дәрігерлердің жалақысы орташа жалақыдан 2,5 есе жоғары болады немесе шамамен 560 мың теңгеге жетеді. Ал орта медицина қызметкерлерінің жалақысы 210 мың теңге шамасында көтеріледі, – деді Ералы Тоғжанов.

Ол, сонымен қатар, медицина қызметкерлерін даярлауға бөлінетін грант санын арттыру көзделіп отырғанын, коронавируспен күреске тікелей атсалысып жүрген медицина қызметкерлеріне наурыз айынан бері 180 теңгенің үстемақысы төленгенін атап өтті.

Бұған дейін медицина қызметкерлерінің күні қарсаңында елордада «Адам жанының арашасы» салтанатты кездесуі өткені туралы жазғанбыз.

Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Өзгелердің жаңалығы